Таиланд әуежайларында "қауіпті чемоданды" иесі жоқ кезде ашуға болады

Фото: Facebook/tatnews.org
Таиланд Туризм басқармасының мәлімдеуінше, 2026 жылғы 16 қазаннан бастап Таиланд әуежайларында чемоданнан кауіпті зат табылса багажды оның иесі болмаса да ашуға рұқсат етіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Егер сканер арқылы чемоданнан күдікті зат анықталса, жолаушыны әуежай ішінен іздеудің қажеті болмайды. Оны қызметкерлер багажды өздері аша алады.

Тексеру барысы видеоға түсіріліп, чемоданның ішіне арнайы хабарлама қалдырылады. Сондықтан жолаушыларға арнайы кілтпен бұзбай ашуға болатын TSA кодтарын пайдалану ұсынылады.


Фото: tatnews.org

"Қосымша тексеруге пауэрбанк немесе қосалқы аккумулятор, оттық, газ баллоны немесе туристік пешке арналған отын себеп болуы мүмкін", — деп ескертті Таиландтың Туризм басқармасы.


Фото: tatnews.org

Бұған дейін 10 тамыздан бастап танымал әуе компаниясы Дубайға ұшу күнін тегін өзгертуге мүмкіндік бергені туралы хабарлаған болатынбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін