Танымал әуе компаниясы Дубайға ұшу күнін шектеусіз тегін өзгертуге мүмкіндік берді

сомолет, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.08.2026 14:07 Фото: emirates
"Emirates" әуе компаниясы 2026 жылғы 10 тамыздан бастап жолаушыларға Дубайға сапар күнін ешқандай шектеусіз және тегін өзгертуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Emirates-тің ресми сайтында, компанияның мұндай шешімге келуіне әуе тасымалындағы тұрақсыз жағдай себеп болып отырғандығы жазылған.

Енді Дубайға ұшатын жолаушылар таңдалған тарифке қарамастан, ұшу күнін қалағанынша тегін өзгерте алады.

"Сонымен қатар Emirates Дубайға билеттерді қайтару ақысын төмендетті. Енді сапардан бас тартқан жағдайда тарифке байланысты 25 немесе 50 доллар ұсталады", — делінген компанияның баспасөз хабарламасында.

Ал басқа бағыттарға ұшатын, билетті 2026 жылдың 2 сәуірінен бастап сатып алған жолаушыларға ұшу күнін бір рет тегін өзгерту мүмкіндігі беріледі. Бұл Дубай арқылы ұшатын транзиттік бағыттарға да қатысты. Сондай-ақ тарифті 24 сағатқа дейін тегін бекітіп қоюға болады.

Әуе компаниясы туристік сақтандыру қызметін де кеңейтті. Оның құрамына медициналық шығындар, шұғыл эвакуация, сапардан бас тартқан жағдайда өтемақы және багажға қатысты мәселелер бойынша өтемақы кіреді.

Бұдан бөлек, қарулы қақтығыстар жағдайында қосымша сақтандыру қарастырылған: медициналық шығындарға 25 мың долларға дейін өтемақы төленіп, сапарды 30 күнге дейін тегін ұзартуға мүмкіндік беріледі.

Бұған дейін әлемнің түкпір-түкпіріндегі туристерге ыңғайлы болу үшін құлыптар, қамалдар мен сарайлар көрсетілген интерактивті карта жасалғаны хабарланған. Картада 141 елдегі тарихи нысандар қамтылған. Әр көрікті жер туралы фотосуреттер, қысқаша тарихы және салынған ғасыры көрсетілген

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: