Балиде бассейнге түскен турист көзінен айырылып қала жаздады

Сурет: magnific.com
Ұлыбританияның Колчестер қаласында тұратын 38 жастағы ер адам Балиде жанаспалы линзасын шешпей бассейнге түскеннен кейін сирек кездесетін көз инфекциясын жұқтырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

NDTV мәліметінше, суға түскеннен кейін Мэтт Флэктің сол көзі тітіркеніп, ауыра бастаған. Кейін жарыққа қарай алмау, көздің қызаруы және тоқтаусыз жасаурау белгілері пайда болды. Алғашында ер адам мұны серфинг кезінде көзіне құм мен тұзды су түсуімен байланыстырған.

10 шілдеде Ұлыбританияға оралғаннан кейін ол дәрігерлерге қаралды. Тексеру нәтижесінде оған акантамебалық кератит диагнозы қойылды. Бұл – бассейндерде, көлдерде және құбыр суында кездесетін Acanthamoeba микроскопиялық паразиті қоздыратын инфекция.

Жанаспалы линза инфекция жұқтыру қаупін арттырады. Өйткені микроорганизм линза мен көздің қасаң қабығының арасына еніп кетуі мүмкін. Инфекция көзді қатты зақымдап, көру қабілетінің нашарлауына әкелуі ықтимал.

Флэк диагнозын естігенде қатты қорыққанын және сол көзінің көру қабілетінен айырылып қаламын деп қауіптенетінін айтты. Ол жанаспалы линза тағатын адамдарды суға түсер алдында оны міндетті түрде шешуге шақырды.

Бұған дейін демалыс кезінде көзді зақымдайтын қауіпті инфекция жұқтырып, зағип болып қалу қаупіне тап болған турист туралы хабарланған еді.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды