Ағайынды альпинистер 7 мың метр биіктікте шешім қабылдауды жасанды интеллектке сеніп тапсырған

Сурет: pexels
Испаниялық ағайынды Даниэль мен Мигель Оридің Ленин шыңына (7134 метр) жасаған экспедициясы ерекше жағдаймен есте қалды. Егіздер таудағы акклиматизацияға қатысты маңызды шешімдерді жасанды интеллектке сеніп тапсырған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Alpagama басылымы жазғандай, егіздер жорыққа дейін бірнеше ай бойы және шыңға көтерілу кезінде ақылды сағаттардың көмегімен өздерінің биометриялық көрсеткіштерін бақылаған. Атап айтқанда, қандағы оттегі деңгейін, жүрек соғу жиілігін, жүрек ырғағының өзгергіштігін және ағзаның қалпына келу көрсеткіштерін өлшеген.

Өлшеу жұмыстары әр түн сайын жүргізілген. Дайындық жұмыстары нормобариялық камерада да, биік таудағы лагерьлердегі шатырда болған кезде де жасалған.

Жиналған деректерді жасанды интеллект өңдеген. Алгоритм альпинистердің физиологиялық жағдайын бағалап, таудағы акклиматизацияға қажетті уақытты анықтаған. Сондай-ақ жаттығу жоспарын, су ішу және тамақтану қажеттілігін белгілеуге көмектескен. Акклиматизация кезеңі 1 тамызда аяқталған соң, ағайындылар шыңды бағындыруға кіріскен.

Сурет: hermanos Oury

Мигель Раздельная лагерінен (6100 метр) шыңға көтеріліп, кері қайтуға жеті жарым сағат жұмсаған. Ол жолда кездескен басқа альпинистердің барлығынан жылдам болған.

Алайда физикалық және техникалық дайындығы жағынан ағасымен деңгейлес Даниэль ас қорыту проблемалары мен сусызданудан зардап шеккен. Жасанды интеллект бұл жағдайды алдын ала болжай алмаған. Сондықтан альпинист кері қайту туралы шешім қабылдаған.

Бұл жағдай өмірге қауіп төнуі мүмкін жерде жасанды интеллектке қаншалықты сенуге болатыны туралы сұрақ туындатады.

Бір жағынан, жасанды интеллект пайдалы құрал бола алады. Алайда ешбір алгоритм адам ағзасында болып жатқан барлық процесті толық әрі жан-жақты талдай алмайды.

Бұған дейін әйгілі тауда гидтен әйелін қорғаған альпинистің жанжалды жағдайға тап болғаны туралы жазған болатынбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген қарындасының 25 жасқа толуына орай ерекше сыйлық жасады

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды

Алматыда жеке үйдің дәретханасынан ер адамның денесі табылды

Атақты шорт-трекші Абзал Әжіғалиев спорттағы мансабын аяқтады

Қазақстанда алғаш рет Қазақ тазысы мен төбеті күні аталып өтіп жатыр