Бұл туралы 2026 жылғы 3 қыркүйекте The Times of India жазды. Басылымның мәліметінше, ер адам Канченджунга стадионының маңынан табылған. Ол шамамен 82 метр биіктікте металл құрылымның үстінде аяғын салбыратып отырған.
"Оқиға орнына полиция қызметкерлері, өрт сөндірушілер және азаматтық қорғаныс өкілдерін қоса алғанда, жедел қызметтер дереу жетті", – делінген хабарламада.
Биіктіктің тым жоғары болуына байланысты ер адаммен жерден қалыпты байланыс орнату қиын болған. Сондықтан құқық қорғау органдары дрон қолданып, оның көмегімен келіссөз жүргізуге тырысқан.
Алайда үгіттеу нәтиже бермеді – ер адам төмен түсуден бас тарта берген. Құлап кету қаупіне байланысты құтқарушылар барынша сақтықпен әрекет етіп, операцияға кәсіби альпинистерді тартқан.
Олар ер адамға көтеріліп барып, төмен түсуге көндіруге тырысқан. Ер адам келіспеген соң, оны зембілге ұқсас арнайы құрылғыға бекітіп, төмен түсіре бастаған.
"Ұзақ келіссөздер барысында ер адам басқа да ерекше өтініштер айтқан. Атап айтқанда, ол өзіне көкнәр қосылған қуырылған асқабақ әкелуді сұраған", – делінген жарияланымда.
Нәтижесінде операция басталғаннан кейін шамамен сегіз сағат өткен соң ер адам аман-есен жерге түсірілді. Одан кейін оны медицина қызметкерлеріне тапсырып, тексеру және бақылау үшін ауруханаға жеткізген.