Лотерея жеңімпазы үш күннен кейін 616 млн теңге ұтысынан айырылуы мүмкін

Фото: unsplash
Англия тұрғынына лотереядан ұтып алған 1 млн фунт стерлингті, яғни 616 млн теңгеден астам қаражатты алу үшін үш күн ғана қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

EuroMillions ұлттық лотереясының ұтыс ойыны 2026 жылғы наурызда өткен. Алайда ықтимал миллионер жүлдесін алуға әлі келмеген, деп жазады Manchester Evening News.

Лотерея ұйымдастырушылары жеңімпаз кодты жариялап, ұтыс иесін іздестіріп жатыр.

Ұлттық лотереядан қомақты қаражат ұтқан адамға жүлдесін алу үшін шамамен алты ай уақыт беріледі. Бұл жағдайда белгіленген мерзім 9 қыркүйекте аяқталады. Оған дейін өтініш білдірмесе, жеңімпаз ұтысынан біржола айырылуы мүмкін. Ұйымдастырушыларға оның Хартлпул қаласының тұрғыны екені ғана белгілі.

Сонымен қатар ұлттық лотереяның тағы бір ірі жүлдесі – 12 млн фунт стерлинг, яғни шамамен 7,4 млрд теңге де өз иесін күтіп тұр. Ұтыс ойыны 2026 жылғы 6 маусымда өткен. Жеңімпаз жүлдесін 3 желтоқсанға дейін алуға тиіс.

Бұған дейін АҚШ-тың Иллинойс штатының тұрғыны жанармай құю бекетінен лотерея билетін сатып алып, алты санды да дәл тапқан еді. Ол 2026 жылғы ең ірі ұтыстың иесі атанып, 1,04 млрд доллар, яғни шамамен 482,36 млрд теңге жеңіп алды.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасының алтын медаль саны 32-ге жетті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді