Түркиядағы демалыс кезінде бассейнге оқыс секірген ер адам сал болып қалды

Сурет: magnific
Түркияда демалып жүрген Ұлыбритания азаматы Уильям Понтер бассейнге оқыс секіргеннен кейін сал болып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Gazeta.ru мәліметінше, Уильям 28 тамызда 27 жастағы Ребекка Фрэнсимен бірге Түркияға келген. Ерлі-зайыптылар көңіл көтеру үшін бассейнге секірген. Әйелдің айтуынша, секіргеннен кейін Понтер су астында кенет қимылсыз қалған.

Ребекка оның артынан суға сүңгіп, Уильямның етпетінен жатқанын көрген. Қыз оны судан алып шыққанда, сүйіктісі денесін қозғалта алмайтынын айтқан.

Сурет: magnific

Дәрігерлер Уильямды ауруханаға жеткізіп, оған 13 сағатқа созылған ота жасады.

Мойын омыртқасының ауыр жарақатына байланысты хирургтар инсульт секілді асқынулардың алдын алу үшін омыртқасының бір бөлігін алып тастаған. Қазір ер адам жансақтау бөлімінде жатыр.

Дәрігерлер оның отбасына Уильямның мойыннан төменгі бөлігінің сал болып қалуы мүмкін екенін ескерткен.

Ребекка Уильямның еміне және оны Ұлыбританияға қайтаруға қаражат жинауды ұйымдастырды.

Емделуге кеткен шығын қазірдің өзінде 50 мың фунт стерлингтен асып кеткен. Ал жансақтау бөлімінде бір күн жатудың құны шамамен 2 мың фунт стерлингті құрайды.

Фрэнси отбасы алдағы оңалтудың қалай өтетінін білмейтінін, бірақ Понтерді елге қайтаруға үміттенетінін айтты.

Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды