Mash Telegram-арнасының мәліметінше, 620 қонақ үшін шамамен 2 мың шаршы метр аумақты алып жатқан Ridada резиденциясы жалға алынған. Ал тойға арнайы оның жанына қосымша шатыр тігілген.
Кештің музыкалық бағдарламасында Navai, Анна Асти және жергілікті сахна өкілдері өнер көрсетті.
Қонақтардың назарын тойдың безендірілуі аударды. Зал мен аумақ түрлі тірі гүлдермен көмкерілген. Соның ішінде жас жұбайларға арналған ұзындығы 40 метрлік жол да гүлдермен безендірілген. Қалыңдықтың құрбыларына Dolce & Gabbana брендінен сыйлық жиынтықтары дайындалған.
Мерекелік көңіл-күйді отшашу толықтырды. Ал кештің басты сәндерінің бірі таңқураймен безендірілген үлкен той торты болды.
Арсен Каноков – ресейлік мемлекеттік қайраткер және кәсіпкер, Қабарда-Балқариядан Ресей Федерациясы Кеңесіне сайланған сенатор. Ол 2005-2013 жылдары республиканы басқарған. Forbes бағалауынша, 2026 жылы оның байлығы 1,5 млрд долларды құрайды.
Тойдың ұлттық дәстүрлерге сай өткізілгені де белгілі болды. Қалыңдықтың көлігіне салт аттылардан құралған жасақ ілесіп жүрген. Сондай-ақ қалыңдықты алып қашу дәстүріне ұқсас рәсім өткізіліп, жас жұбайлар ұлттық би билеген.
Алайда тойдан түсірілген кадрлар жарияланып, желіде қызу талқылау басталғаннан кейін Альберт Каноков әлеуметтік желілердегі пікір қалдыру мүмкіндігін жауып тастаған.
2026 жылғы 4 қыркүйекте Астанада қазақстандық журналист Динара Сәтжанның ұлы да дүркіретіп үйлену тойын өткізген. Бұл той да қоғамның назарын аударған болатын.