2 мың жыл бұрынғы соғыс ізі: Словакияда римдік әскери лагерь табылды

Сурет: pexels
Словакияда археологтар II ғасырға тиесілі, болжам бойынша Рим императоры Марк Аврелийдің тұсында пайдаланылған ежелгі римдік әскери лагерьді тапты. Олжа өнеркәсіптік парк құрылысы басталар алдында Шураны қаласының маңынан табылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Fox News мәліметінше, ғалымдар адам сүйектерін, қару-жарақтарды, дулыға мен сауыт-сайман сынықтарын, тиындар және әскери жабдықтардың бөлшектерін анықтаған. Алдын ала болжам бойынша, қаза тапқандардың көпшілігі Рим сарбаздары болуы мүмкін.

Лагерь Маркоман соғыстары кезінде, яғни Рим империясы мен герман тайпалары арасындағы қақтығыстар барысында пайдаланылған болуы ықтимал. Зерттеушілер оны әскери қақтығыстан кейін бірден тастап кеткен болуы мүмкін деп есептейді.

Бұл — Нитра өлкесінен табылған алғашқы римдік әскери лагерь. Сондай-ақ археологтар Словакия аумағында алғаш рет ерекше қақпа түрі — клавикула құрылымын тапты.

Олжаны зерттеу жұмыстары жалғасады.

Бұған дейін археологтар шамамен 100 жылдан кейін Рамсес II мүсінінің екінші бөлігін тапқаны хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған