Жасанды интеллект шабуылынан алғаш рет деректер тарап кетті

Фото: pixabay
Испанияда белгісіз біреу ЖИ-агенттің көмегімен жергілікті ұйымның деректеріне қол жеткізіп, кибершабуыл жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Испанияның Деректерді қорғау агенттігі (AEPD) 2026 жылғы 14 қыркүйекте ұйымдардың бірінен дербес деректердің таралып кеткені туралы хабарлама алғанын мәлімдеді. Алдын ала мәлімет бойынша, қаскүнем шабуылдың әртүрлі кезеңін өздігінен орындаған ЖИ-агентті пайдаланған.

Алдымен ЖИ-агент жалпыға қолжетімді файлдардан осал тұстарды анықтап, жүйеге кіру рәсімінен сәтті өткен. Жүйеге қол жеткізгеннен кейін ол қосымшаның осал тұстарын іздеуді жалғастырған. Нәтижесінде дербес деректерді өзгертіп, шоттарға қол жеткізген.

ЖИ-агент – адамның тұрақты араласуынсыз дербес шешім қабылдап, іс-әрекетін жоспарлап, тапсырмаларды орындай алатын жасанды интеллект жүйелерінің бір түрі.

Агенттік мұндай бір ғана жағдай жаппай алаңдауға негіз бола алмайтынын атап өтті. Дегенмен бұл оқиға жасанды интеллектіні пайдалану арқылы жасалатын шабуылдардың тек теориялық қауіп болудан қалғанын көрсетеді.

2026 жылғы 15 қыркүйекте Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында бірқатар мемлекеттік органға криптоиндустрияның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесімен айналысуды тапсырды. Ол токендеу нарығы мен криптоиндустрияның қарқынды дамуы аясында алаяқтықтың жаңа түрлері пайда болып жатқанын еске салды.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қазақстандық әйел бес жыл бойы балаларына түрмеде отырғанын жасырып, "іссапарда жүрмін" деп келген