Oxu.Az ресейлік БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлағандай, тергеу нұсқасы бойынша, 28 жастағы ер адам баласының жылағанына ашуланып, оны бар күшімен еденге лақтырып, басынан бірнеше рет аяғымен тепкен.
Ауыр жарақат алған бала ауруханаға жеткізілді. Сол жерде ол комаға түсті.
Балаға ауыр жарақат келтірді деген күдікпен әкесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір күдікті ұсталып, онымен тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оған қамауға алу түріндегі бұлтартпас шараны қолдану мәселесі қарастырылуда.
Бұған дейін мас күйдегі зейнеткер әйел күйеуін темір таяқпен ұрып өлтіргені туралы жазған болатынбыз.