АҚШ Украина тарапынан америкалық кемелердің шабуылға ұшырауына алаңдады

Сурет: Владимира Зеленскийдің Telegram-каналынан
Америка Құрама Штаттарының әкімшілігі Ресей-Украина қақтығысы кезінде америкалық мұнайы бар кемелердің Киев тарапынан шабуылға ұшырап жатқанына алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТАСС мәліметінше, бұл туралы АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио мәлімдеді.

"Бір жағынан, бұл қақтығыстың салдары бар. Алайда соңғы бірнеше айда АҚШ-пен байланысты кемелердің, америкалық мұнай жеткізілімдерінің бірнеше рет нысанаға алынуы бізді алаңдатады. Бұл қасақана жасалмаған болуы мүмкін, дегенмен олар Украина тарапынан нысанаға алынды. Бұл мәселені шешу қажет. Біз мұндай жағдайдың орын алуына жол бере алмаймыз. Бірақ өзіңіз түсінгендей, АҚШ президенті Дональд Трамптың осы соғысты тоқтатуға үнемі ұмтылып келе жатқанының себебі де осы. Ол соғысты тоқтату үшін қолынан келгеннің бәрін жасауға дайын. Бұл оңай емес, бірақ жағдайдың өзгеруі мүмкін деген үмітіміз әлі де бар", – деді мемлекеттік хатшы Fox News телеарнасына берген сұхбатында.

Бұған дейін АҚШ Кариб теңізіндегі кемеге соққы бергені, соның салдарынан төрт адам қаза тапқаны хабарланған болатын.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Тоқаев Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды

Жоғары аудиторлық палата мүшелері тағайындалды – Тоқаевтың жарлықтары жарияланды

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды