Мектеп оқушысы алып балық ұстап, әлемдік рекорд орнатты

Сурет: Диллон Дэвистің жеке архивінен
АҚШ-тың Висконсин штатында отбасымен бірге демалып жүрген 12 жастағы Мэдилин қармақ лақтырғанда алып маскинонг балығын (маски-шортанды) ұстап, жасөспірімдер арасында әлемдік рекорд орнатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Outdoor Life басылымының жазуынша, Дэвис отбасы америкалық Лонг-Лейк көлінде бірнеше жылдан бері демалып келеді. Кезекті демалыс кезінде 12 жастағы Мэдилин Халықаралық спорттық балық аулау қауымдастығының (IGFA) жасөспірімдер арасындағы рекордын жаңартуды ұйғарған. Оның әкесі Диллон алдын ала өлшеу тақтайшасын дайындап, ережелерді зерттегенімен, рекорд орнататынына күмәнданған.

Рекордқа жету оңай болмады. Мектеп оқушысы бірнеше ірі балықты жіберіп ала берген, тіпті қайықтың дәл жанында алып шортан да қармақтан сытылып кеткен. Қыздың көңілі түскенімен, ол қармағын қайта лақтыруды жалғастыра берген.

Сәттілік үйге қайтардан бірнеше минут бұрын, қармақты ең соңғы рет лақтырған кезде келді.

"Басында балдырға ілініп қалдым деп ойладым. Бірақ әкем қармақтың ортасынан иіліп кеткенін көріп, "Ора, ора, ора!" деп айқайлады. Бұл балық мен бұрын ұстағандардың бәрінен әлдеқайда күшті болып шықты. Бес минуттай арпалысқаннан кейін әкем оны ауға түсірді", – деді Мэдилин.

Балыққа зақым келтірмеу үшін маскинонгты судың ішінде ұстаған. Балықтың ұзындығы 31,1 дюймді, яғни шамамен 79 сантиметрді құрады. Комиссияға қажетті фотосуреттерді түсіргеннен кейін отбасы балықты бірден көлге қайта жіберген. Алып балық құрлықта бір минуттан аз уақыт болған.

Флоридадағы IGFA штаб-пәтері ұсынылған материалдарды зерттеп, Мэдилиннің аулаған балығын жасөспірімдер арасындағы әлемдік рекорд ретінде ресми түрде мойындады. Осылайша қыз маскинонг аулаудан тарихтағы алғашқы рекорд иегері атанды. Енді ол тұқы балығын аулаудан рекорд жаңартуды жоспарлап отыр.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Жамбылда шибөрілер ауыл ішіне кіре бастады

Қазақстанда балаларды мектепалды сыныпқа қабылдау тәртібі бекітілді

Қосшы маңындағы зауытта жұмысшылар жанжалдасып, біреуі жарақат алды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ең басты байлығымыз – туған еліміз