Анасының есірткіге тәуелділігінен тоғыз күндік сәби қайтыс болды

Фото: pexels
Ұлыбританияның Ньюквей қаласында тоғыз күндік қыз бала анасының емшек сүті арқылы кокаиннің көп мөлшерін қабылдағаннан кейін қонақүйде қайтыс болды. Ал сәбидің ата-анасы түрме жазасынан құтылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

The Sun басылымының мәліметінше, қайғылы оқиға Корнуоллдағы Hotel Victoria қонақүйінде болған. Шақырту бойынша жедел қызметтер келгенімен, дәрігерлер сағат 11:00-де баланың қайтыс болғанын ғана анықтаған. Сәбиді ес-түссіз күйде, бетіндегі қан іздерімен әжесі тауып алған. Сол кезде баланың ата-анасы бөлмеде дүрбелеңмен айғайлап жүрген.

30 жастағы Рошель Томас пен 29 жастағы Эндрю Мондер балаға немқұрайлы қарағандарын мойындады.

"Труро корольдік сотындағы отырыста ата-ананың екеуі де есірткіге тәуелді болғаны анықталды. Томас жүктілік кезінде де, босанғаннан кейін де кокаин қолданған, ал Мондер кешкі уақытта үнемі тыйым салынған заттарды қабылдаған", – делінген хабарламада.

Сот-медициналық сараптама сәбидің қанынан кокаин анықтады. Прокурор Джосс Тайсхерст есірткі заттың қыздың ағзасына емшек сүті арқылы түсуі мүмкін екенін мәлімдеді. Сонымен қатар ата-ананың киімі мен саусақтарынан, сондай-ақ төсек жанындағы тумбада тұрған кеседен кокаин іздері табылған.

Қорғау тарапы болған жағдайды "кездейсоқ қайғылы жағдай" деп атады. Сондай-ақ ерлі-зайыптылар туыстарына көшуді жоспарлағанын және мамандардан көмек іздегенін айтты.

Судья Саймон Карр ата-ананы үш жыл сынақ мерзімімен екі жарым жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Ол ерлі-зайыптылар өздерінің тәуелділігін баланың қауіпсіздігінен жоғары қойғанын айтты. Қосымша шара ретінде ата-ананы оңалту курсынан өтуге міндеттеді.

Ұлыбритания

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін