PTI агенттігінің хабарлауынша, нөсер жаңбыр көшкіннің жүруіне түрткі болып, осындай 62 жағдай тіркелген. Салдарынан тұрғын үйлерді, ауыл шаруашылығы алқаптарын су басты.
Билік жоғары қауіптілік режимін жариялап, туристердің бірқатар танымал тау курорттарына баруын шектеу туралы шешім қабылдады. Шектеулер ауа райы жағдайлары жақсарғанға дейін күшінде болады.
Бұған дейін Тибетте жойқын жер сілкінісі болғаны хабарланған.