Елімізде құрылыс материалдары шектен тыс қымбаттап барады

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Соның әсерінен тұрғын үй бағасы да арзандамай тұр

Қазақстанда құрылыс материалдарының бағасы бір жылдың ішінде 28 пайызға қымбаттады, деп хабарлайды Zakon.kz.

2021 жылы жылжымайтын мүлік нарығында айтарлықтай турбуленттілік сезілді. Сарапшылар бұған құрылыс материалдарының өзіндік құнының қымбаттауы мен жалпы тұрғын үй бағасының қымбаттауы әсері етті деп отыр.

Қазан айындағы көрсеткіштерге назар аударатын болсақ, елімізде жаңа салынған тұрғын үйдің бағасы 14,6%-ға қымбаттаған. Бұл соңғы жылдардағы ең жоғарғы көрсеткіш.

Құрылыс материалдарының қымбаттауы үй салушыларға ауыр соққы болды: қазан айында бұл сектордағы жылдық өсім 28 %-ға жетті. Тамыз айында бұл көрсеткіш 33,3 % болды. Жалпы алғанда құрылыс материалдары бағасының қымбаттауы сәуір айында байқалды. Ол кезде жылдық өсім динамикасы 10,2 %-дан 21,4 %-ға жеткен еді.

Energyprom.kz зерттеушілері келтірген мәліметке назар аударсақ, осыған дейін құрылыс материалдары мен жаңа салынған тұрғын үйлердің бағасы тең болған. Алайда зерттеуден осы жылдың сәуір айында құрылыс материалдары бағасының бірден қымбаттап кеткенін байқаймыз. Соған орай тұрғын үйдің де бағасы қымбаттай түсті.

Айта кетерлігі, құрылыс материалдары, соның әсерінен тұрғын үйлердің қымбаттауы бүкіл әлемде байқалады.

Осы жылдың екінші тоқсанындағы мәлімет бойынша, әлем бойынша тұрғын үйлердің бағасы 9,2 %-ға қымбаттады.

 

 

 

Қазақстан
Алматы
Жұманғарин Серік
Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандықтарға МӘМС мәртебесі туралы ақпарат алу жеңілдетіледі

Тоқаев пен Путин достық пен тату көршіліктің жеті негізі туралы мәлімдеме қабылдады

Ресей Қазақстан экономикасына инвестиция салатын ең ірі үш елдің қатарына кіреді

Ерлан Қарин: Президенттің тапсырмасы орындалды – Қазақстанның киелі нысандары ЮНЕСКО тізіміне енді

Қазақтың тұңғыш скрипкашысы Әлім Алмат өмірден өтті