Армия генералы А.В. Хрулев атындағы әскери материалдық-техникалық қамтамасыз ету академиясының базасында өткен зияткерлік сайысқа Армения, Әзербайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан әскери жоғары оқу орындарының курсанттары қатысты.
"Олимпиада үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде – курсанттар бағдарлама жасау машығын, екіншісінде – кеңсе бағдарламаларымен жұмыс істеу қабілетін көрсетті. Үшінші кезең командалық болды. Балалар ақпараттық сауаттылықтың жақсы деңгейін көрсетті", – деді команда жетекшісі, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының жаратылыстану-ғылымдары пәндері кафедрасының бастығы Раушан Игілікова.
Олимпиада қорытындысы бойынша, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының Қуаныш Ербай, Дастан Қанат және Сергей Ли сынды курсанттары бар қазақстандық команда Өзбекстан (екінші орын) және Ресей (бірінші орын) бағдарлама әзірлеушілерінен кейінгі үшінші орынға табан тіреді.
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі