Іс-қимылдың тәжірибеде қолдану барысын Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов қадағалады.
Оқу-жауынгерлік міндеттерді пысықтау үшін оқу-жаттығу шеңберінде роталық тактикалық топтар ішінен мобильді топтар құрылды. Бір апта бойы бөлімшелер жауынгерлік іс-қимыл жүргізудің жаңа тактикалық әдіс-тәсілдерін пысықтады. Артиллериялық мен армия авиациясы бөлімшелерін жауынгерлік жағдайда қолдануға баса назар аударылды.
Бұл зерттеу жаттығуына "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаев басшылық етті.
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Бөлімшелерге оқу-жаттығу барысында әртүрлі топтардың және зақымдау құралдарының мүмкіндіктерін зерттеу, олардың оңтайлы құрамын және жағдайдың өзгеруіне жедел әрі тиімді жауап беру қабілетін анықтау міндеттері қойылды.
Артиллерияны оқу-жаттығуда қолдану ерекшелігі – атыс құралдарын барынша шоғырландырып, классикалық әдістер мен қарсыласты жеңу әдістерімен ұтымды қолдануында болды. Осылайша бөлімше командирлерінің өз бетінше шешім қабылдауына мүмкіндік берілді.
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Сондай-ақ, танкке қарсы артиллерия құралдарымен алыс қашықтықтағы қарсыластың броньды нысандарын құртудың жаңа тәсілдері де сыналды.
"Біз әскери өнердің дамуын және соңғы жылдары болып жатқан қарулы қақтығыстарды талдай келе, артиллерия, танк, механикаландырылған және басқа да бөлімшелерді қолданудың жаңа тәсілдерін пысықтап жатырмыз", – деп атап өтті "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаев, – тәжірибелік-зерттеу тактикалық оқу-жаттығуын өткізу кезінде классикалық және стандартты оқу-жаттығулардан алшақтап, жаңа әдістерді сынап көрдік.
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
"Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы атап өткендей, оқу-жаттығудың зерттеу мақсаттарына қол жеткізіліп, бөлімшелердің жеке құрамы практикалық тәжірибе жинады. Алдағы уақытта бұл іс-қимылдар жазғы оқу кезеңіндегі жауынгерлік дайындық барысында пысықталмақ.
Соңында қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов жеке құрамды оқу-жаттығудың жақсы аяқталуымен құттықтап, ерекше көзге түскен әскери қызметшілерге естелік сыйлықтар табыс етті.
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі