ҰҚК-дегілер "Бекет-2023" жедел-тактикалық оқу-жаттығуының қалай өткенін баяндады

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
2023 жылы 5 сәуірде Жетісу облысындағы "Көктал" әскери полигонында кешендік ведомствоаралық "Бекет-2023" оқу-жаттығуы және десанттық шабуылдаушы, ҰҚК ШҚ арнайы мақсаттағы бөлімшелердің жедел-тактикалық оқу-жаттығуының негізгі кезеңі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Президентінің күштік құрылымдар, Десанттық шабуылдаушы әскерлер, ҰҚК Шекара қызметі, Ұлттық ұлан, ТЖМ және жергілікті атқарушы органдар бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз ететін "Батыл тойтарыс – 2023" әскери-тактикалық оқу-жаттығу шеңберінде ұйымдастырылды.

ШҚ әскери қызметшілері мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткен қарулы лаңкестік топты бейтараптандыру бойынша шараларды пысықтады.

Жаттығу соңында шараға қатысушылар Қорғаныс министрі мен Қауіпсіздік кеңесінің уәкілдері назарына ҰҚК Шекара қызметінің қолданысындағы қазіргі заманғы техникалары мен қару-жарақ, байланыс түрлері қойылған көрме ұсынылды.


Қазақстан
ҰҚК

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді