ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрістетілген командалық пунктті тексеру барысында министр қолбасшылардың, құрамалар мен батальон командирлерінің басқару пункттерін ұйымдастыруда осындай тасадағы орындардың өзектілігін атап өтті.
"Бекіндірілген басқару пункттері – қазіргі заманғы қарулы қақтығыстардың стандарты. Жоғары қауіпсіздік бөлімшелермен жұмыстың тиімділігін арттырады". ҚР Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Командалық құраммен өткен кездесуде министр әскерлердің жауынгерлік әзірлігін, жауынгерлік қабілеттілігі мен ұтқырлығын арттыруға бағытталған Қарулы күштердің қызметін жетілдіру жолдарын талқылады.
Оқу-әдістемелік жиындар шеңберінде қатысушылар жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу барысында әскери құралымдар штабтарының қызмет алгоритмімен және жедел-тактикалық буынның басқару органдары арасындағы байланысты ұйымдастырумен танысты.
Жиынға қатысушылар әскери қызметшілерді БҰҰ бітімгершілік миссиясын орындауға дайындау мәселелерін талқылап, HATO стандарттарына сәйкес штаб жұмысының ұйымдастырылуымен танысты.
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Өткізілген сабақтар командирлерге әскери бөлімдер мен құрамаларда жауынгерлік даярлықты ұйымдастыру, әр түрлі жауынгерлік іс-қимылдарда әскерлерді басқару дағдыларын алуға мүмкіндік береді. Олар командалық құрамның алдында тұрған мәселелер мен міндеттердің өзекті спектрі бойынша бірыңғай оқу-әдістемелік базаны әзірлеуге бағытталған.
Басшылық құрамның жиындары Қорғаныс министрінің қолбасшылығымен өтетін көшпелі әскери алқа жұмысымен аяқталмақ. Онда Қарулы күштердің қысқы оқу кезеңіндегі қызметінің қорытындылары шығарылып, келесі кезеңге міндеттер қойылады.
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі