Жамбыл облысының әкімі Асланбек Шымбергенов пен Дулат Бекбауовқа пәтер кілтін табыстады

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов 2023 жылдың 1-14 мамыры аралығында бокстан ересектер арасында Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өткен Әлем чемпионатының чемпионы Асланбек Шымбергенов пен күміс жүлдегері Дулат Бекбауовты марапаттау салтанатына қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетсек, аталған байрақты бәсекеге Қазақстан құрама командасынан 13 спортшы қатысса, оның екеуі жамбылдық: 67 келі салмақ дәрежесінде Дулат Бекбауов және 71 келі салмақ дәрежесінде Қазақстан құрама командасының капитаны Асланбек Шымбергенов.

Салтанатты шара барысында жамбылдық жанкүйерлер, жас спортшылар жеңімпаз спортшылар мен олардың жаттықтырушыларын қошеметпен қарсы алып, құрмет көрсетті.

Аймақ басшысы Асланбектің алтын, Дулаттың күміс медалі – алдағы Париж Олимпиадасының алтын медаліне ұласуына ниеттестігін білдірді.


Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі


Облыс әкімі спортшыларды марапаттап, сый-сияпаттарын табыстады.

Атап айтсақ, Әлем чемпионы Асланбек Шымбергеновке 3 бөлмелі пәтердің кілті, оның жеке бапкері Ермек Ертаевқа 5 000 000 теңгенің сертификаты табысталды.

Ал, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Дулат Бекбауовқа 2 бөлмелі пәтердің кілті, оның жеке бапкері Нұрлан Ақүрпековке 3 000 000 теңгенің сертификаты табысталды.

Салтанатты шара барысында қоғам қайраткері, Жамбыл облысы бокс федерациясының тұңғыш президенті Қайрат Шотпақов та өз құттықтауын жеткізіп, спортшылардың елеулі еңбегін атап өтті.


Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі


Тараз
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: