Қостанайда 126 тұрғын үй жаз бойына ыстық сусыз қалмақ

Сурет: Zakon.kz
"Қостанай жылу энергетика компаниясы" МКК ҚЖБИ ауданында ыстық сумен жабдықтауды тоқтату жылу магистралі учаскесіндегі қайта жаңғырту жұмыстарының қолға алынуымен байланысты екенін айтады. Ыстық су бұл ауданға 1 қыркүйекте берілетіні де ескертіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қостанай қаласы әкімдігіне қарасты "Қостанай жылу энергетика компаниясы" МКК диаметрі 700 мм болатын ТМ-14 жылу магистралі учаскесін қайта жаңғырту жұмыстары басталғанын хабарлады.

"Осыған байланысты қала тұрғындарына Абай даңғылы бойындағы (Арыстанбеков – Чкалов көшелері арасындағы) 126 тұрғын үйді  ыстық сумен жабдықтау 1 қыркүйектен кейін қалпына келетінін еске саламыз", делінген коммуналдық кәсіпорын хабарламасында.

Арнайы жұмыс апат санын азайту және қысқы кезеңде тұрғын үйлерді үздіксіз жылумен қамтамасыз ету үшін жүргізіліп жатқаны да нақтыланады.


Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі