Елордада 8-9 маусымда Астана Халықаралық форумы өтеді

2023 жылы 8-9 маусым аралығында елордада Астана Халықаралық форумы өтеді. Форумның басты тақырыбы - "Диалог арқылы сын-қатерлерді еңсеру: ынтымақтастық, даму және прогресс жолында", деп хабарлайды Zakon.kz.
"Халықаралық іс-шара аса маңызды  жаһандық мәселелерді шешуге бағытталған. Атап айтқанда, бүгінгі әлемдік ахуал, геосаяси шиеленістің артуы және мемлекетаралық ынтымақтастықтың дәстүрлі үлгілерінің түбегейлі өзгеруіне байланысты бұрын-соңды болмаған сын-қатерлерге бірлесіп жауап іздеу. Осы мақсатта әлемдік қоғамдастықтың күш-жігерін біріктіру", деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.

Форумға қатысатын құрметті қонақтар тізімі:

- шейх Тамим бин Хамад Әл Тани, Катар Мемлекетінің Әмірі

- Садыр Жапаров, Қырғыз Республикасының Президенті 

- Желка Цвиянович, Босния және Герцеговина Президиумының төрағасы 

- Нгози Оконджо-Ивеала, Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) Бас директоры 

- Одре Азуле, Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдениет жөніндегі Бас директоры (ЮНЕСКО) 

- Армида Алисжахбана, Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының орынбасары, Азия және Тынық мұхиты үшін экономикалық және әлеуметтік комиссияның (ЭСКАТО) атқарушы хатшысы 

- Кристалина Георгиева, Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) басқарушы директоры 

- Мирослав Анича, БҰҰ-ның Еуропа, Орталық Азия және Солтүстік және Оңтүстік Америка істері жөніндегі Бас хатшысының саяси және бейбітшілік мәселелері жөніндегі департаментінің (ДПВМ) көмекшісі 

- Ивана Живкович, БҰҰ Даму бағдарламасының Еуропа мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына арналған аймақтық бюроның Бас хатшысының көмекшісі, әкімшісінің көмекшісі және директоры 

- Хельга Шмид, Еуропадағы қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының (ЕҚЫҰ) Бас хатшысы 

- Маргарета Седерфельт, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының төрағасы 

- Чжан Мин, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының (ШЫҰ) Бас хатшысы 

- Одиль Рено-Бассо, Еуропалық Қайта Құру және даму банкінің (ЕҚДБ) Президенті 

- Масацугу Асакава, Азия даму банкінің президенті (АДБ)

- Сухайл Мұхаммед Фарадж әл Мазруи мырза, Біріккен Араб Әмірліктерінің Энергетика және инфрақұрылым министрі 

- Януш Войцеховский, еуропалық ауыл шаруашылығы комиссары 

- Мулату Тешоме мырза, Эфиопияның бұрынғы президенті 

- Ласина Зербо мырза, Буркина-Фасоның бұрынғы премьер-министрі 

- Томас Гремингер, швейцариялық дипломат және ЕҚЫҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы 

- Даниэл Ергин, S&P Global төрағасының орынбасары 

- Рае Квон Чунг, Ban Ki-moon Foundation for a Better Future қорының директоры және Корея Республикасының климаттың өзгеруі жөніндегі бұрынғы кеңесшісі.

Форумға 1000-нан астам шетелдік қонақтар келеді. 

Формуда талқыланатын мәселелер:

- сыртқы саясат және халықаралық қауіпсіздік;

- халықаралық даму және тұрақтылық;

- энергетика және климаттың өзгеруі;

- экономика және қаржы.

40-тан астам панельдік сессия, бейресми пікірталас және мазмұнды жиындар өтеді. Форумның стратегиялық серіктестері – БҰҰ және CNN. ҚР Үкіметі ұйымдастырған Форум Конгресс-орталықта (EXPO) өтеді.

Астана
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: