Назарбаев Бердібек Сапарбаевтың қайтыс болуына байланысты көңіл білдірді

Сурет: akorda.kz
Нұрсұлтан Назарбаев Бердібек Сапарбаевтың қайтыс болуына байланысты марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нұрсұлтан Назарбаев көрнекті мемлекет қайраткері Бердібек Машбекұлы Сапарбаевтың  өмірден өтуіне байланысты ауыр қайғыға ортақтасып, көңіл айтты, делінген ҚР Тұңғыш Президентінің ресми сайтында.

"Ол аса жауапты қызметтерде, соның ішінде бірнеше облыстардың әкімі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, Премьер-министрдің орынбасары лауазымдарында еңбек етіп, еліміздің дамуы мен өркендеуіне үлкен үлес қосқан тұлға. Халықтың мұң-мұқтажын терең білетін, күрделі мәселелер бойынша шұғыл әрі оң шешімдер қабылдай алатын білікті басшы, беделді ұйымдастырушы, жоғары адамгершілік қасиеттерімен, биік парасатымен ерекшеленетін азамат еді", делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев Бердібек Машбекұлының жарқын бейнесі жұртшылық жадында әрдайым сақталатынына сенім білдірді.

Айта кетсек, 10 маусымда Бердібек Сапарбаевтың 71 жасына қараған шағында дүниеден озғаны белгілі болды.

Қазақстан
Назарбаев Нұрсұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды