Эвакуациялық пункттегі балаларға жазғы лагерь ұйымдастырылады – Абай облысы әкімдігі

Сурет: Астана қаласы әкімдігі
Төтенше жағдайға байланысты Половинка, Талица және Бұлақ ауылдарындағы үйлерінен кетуге мәжбүр болған балаларға жазғы лагерьлерде тегін демалыс ұйымдастырылып жатыр. Қазір олардың барлығына Семей эвакуациялық пункттерінде қажетті көмек пен қолдау көрсетілуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Абай облысы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, эвакуацияланған балалардың бос уақытын ұйымдастыру үшін күн сайын Абай музейіне, басқа да қалалық мұражайларға, биологиялық орталыққа, киноға, орталық саябаққа экскурсиялар ұйымдастырылады.

"Күн сайын балалар үшін демалыс және ойын-сауық бағдарламалары әзірленуде. Сондай-ақ, балаларға арналған №49 орта мектеп базасында мектеп лагері жұмыс істейді. Онда білім беру сабақтарымен қатар оларға психологиялық қолдау көрсетіледі", - деп атап өтті эвакопункт өкілі Біржан Булабаев.

Қазіргі таңда Семейдегі эвакуациялық пункттерде 189 адам, оның ішінде 74 бала бар. Жалпы, қалада 800 адамға 9 эвакопункт құрылған. Көшірілген елдімекендер тұрғындарының мүлкінің сақталуын құқық қорғау органдары қадағалайды.

Абай облысындағы өрт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз