Абай облысында эвакуацияланған адамдар өз ауылдарына оралып жатыр

Сурет: видеодан алынды
Абай облысындағы орман өрті кезінде эвакуацияланған Бұлақ ауылының 117 адамы, оның ішінде 50 бала кеше үйлеріне оралған болатын. Ал бүгін Половинка және Талица тұрғындары да өз ауылдарына оралды, деп хабарлайды Zakon.kz.


"Семейдегі Половинка және Талица ауылының эвакуацияланған 72 адам, оның ішінде 24 бала үйлеріне қайтарылды. Өрттің таралу қаупіне байланысты ауыл тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілген болатын. Қазір жағдай тұрақталды, биліктің толық бақылауында. Тұрғындарды үйлеріне қайтару туралы шешім қабылданды". Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Айта кетсек, 8 маусымнан бері бой бермеген Абай облысындағы орман өрті тек 14 маусымда сағат 21:00 уақытында оқшауланғаны жарияланды.

Табиғи апат кезінде орман шаруашылығының 14 қызметкері және бір тракторшы қаза тапты. Өртке жақын маңдағы елдімекендердің тұрғындары эвакуацияланды.


Абай облысындағы өрт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы