Мешітте күштеп тәрбиеленген қос балаға қатысты Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеме жасады

Сурет: pixabay
Әлеуметтік желіде Шымкент қаласында екі баланың денесінде ұрып-соғу белгілері бар видео тарады. Осыған қатысты ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті желідегі видеода тіркелген жайтқа алаңдаушылық танытып отырғандарын мәлімдеді.

Комитет басшылығы бұл жағдайды жеке бақылауға алғандарын да жеткізді.

"Осы мәселе бойынша облыстық білім басқармасы, Шымкент қаласының Бала құқықтары жөніндегі уәкілі және Ішкі істер органдарының басшылығымен тұрақты байланыс орнатылды. Орын алған жағдай баланың физикалық және (немесе) психикалық күш көрсетуден, адамның қадір-қасиетіне қатыгездікпен, дөрекілікпен қараудан немесе оны қорлаудан қорғау құқығын тікелей бұзып, қауіпсіздігі мен денсаулығына қауіп төндіріп отыр. Балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа жол берген барлық тараптың іс-әрекетін айыптаймыз. Балалар ешқашан зорлыққа ұшырамауы керек", делінген ведомство хабарламасында.

Ата-аналарға балаларының қауіпсіздігін кешенді қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлу ұсынылады.

2023 жылы 15 маусымында әлеуметтік желіде Шымкенттегі мешіт ұстазының балаларды тәрбиелеуде қатыгез тәсілге жүгінуі қызу талқыға түсті. Әлеуметтік желіде жарияланған видеода 9 және 7 жастағы ұл балардың денесінен ұрып-соғу, яғни көгеру, қанталау іздерін байқауға болады. 

Қазақстан
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әскери қызметшілерге зейнетақы тағайындау тәртібі өзгерді

Қазақстанда 3 қарашада жаңбыр, қалың қар жауып, үсік жүреді

Бір айда 14 мыңнан астам адамға көбейді: Қазақстан халқының саны туралы жаңа дерек жарияланды

Қазақстанда құрылысы аяқталмаған су нысандары қашан пайдалануға беріледі

Қазақстандықтар қандай көліктерді елге әкеле алады: жаңа талаптар белгіленді