Павлодарда көпбалалы отбасылардың үйінің терезесіне бекіткіштер тегін орнатылуда

Сурет: pexels
Облыстық прокуратураның білім басқармасымен меморандумы аясында аз қамтылған отбасылар мен АӘК алушылардың отбасылардың терезелеріне 200 бекіткіш орнатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Павлодар қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл акцияны "Kemel Trade" ЖШС, "Крепость-Kz" ЖШС, "Plastotkos" ЖК қолдап, орнатуға демеушілік көмек көрсетті.

"Жылы күндердің басталуымен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі өзекті болып отыр. Тек соңғы үш жылда терезеден 31 бала құлап, оның ішінде 8 бала қайтыс болды. Құлау жағдайларының көпшілігі үлкендер балаларды қараусыз қалдырған кезде, терезелерді жабуды ұмытып кеткенде, терезелерде блокиратор, торлар болмаған кезде, жиһаз дұрыс орналастырылмаған кезде пайда болады, бұл балаларға терезеге өздігінен көтерілуге мүмкіндік береді", делінген қала әкімдігінің хабарламасында.


Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз