Энергетика министрлігі үш МӨЗ-дің жұмысын тоқтатқаны жайлы дақпыртқа түсініктеме берді

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі отандық үш мұнай өңдеу зауытының жұмысын тоқтатқаны туралы ақпаратты теріске шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау МӨЗ

Электр энергиясы қысымының кілт төмендеуіне байланысты Атырау МӨЗ-дегі технологиялық және қосалқы нысандар апаттық жағдайда жұмысын кілт доғарды. 

Электр энергиясы беру жұмыстары басталды, зауытты кезең-кезеңімен іске қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Мұнда жинақталған жанар-жағармай қоры халықты қамтамасыз ету үшін жеткілікті.


Шымкент МӨЗ

Шымкент МӨЗ АИ-95 жанар-жағармайын шектей шығара отырып, жұмысын жалғастыруда.

Мұнда жүргізіліп жатқан ішінара жөндеу жұмыстары 14 шілдеде аяқталады.

Мұнда жинақталған жанар-жағармай қоры халықты қамтамасыз ету үшін жеткілікті.


Павлодар МХЗ

Зауытта жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, ол 19 шілдеде іске қосылады.

Мұнда жинақталған жанар-жағармай қоры халықты қамтамасыз ету үшін жеткілікті.


Еліміздегі жанар-жағармайдың жиынтық қоры (мұнай базаларындағы, жолдағы және резервуарлардағы) нарық қажеттілігін үздіксіз қамтамасыз етуге жеткілікті. 

3 шілдеде кешке Атырауда төтенше жағдай орын алғаны, жарық пен су өшіп қалғаны туралы ақпарат пайда болды. Кейінірек электр энергиясы қысымының күрт төмендеуіне байланысты АМӨЗ-дегі технологиялық және қосалқы нысандар апатты түрде жұмысын тоқтатқаны белгілі болды, шамамен сағат 18:47-де зауыт толығымен жұмысын тоқтатты. Кейінірек Энергетика министрлігі еліміздегі жанар-жағармай қорына қатысты мәлімдеме жасады. 

Қазақстан
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Айдос Сарым Президент Жолдауын тарихи міндеттерді айқындайтын құжат деп таныды

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған

Қазақстанның мемлекеттік қарызы 38,8 трлн теңгеге жетті: Қаржы министрлігі түсініктеме берді