Қарағанды облысында Шахтер күніне арналған салтанатты іс-шаралар кілт тоқтатылды

Сурет: freepik
Қарағанды облысының әкімдігі Шахтер күніне арналған барлық салтанатты іс-шаралар шахтадағы қайғылы оқиғаға байланысты тоқтатылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазақстан" шахтасындағы қайғылы оқиғаға байланысты Шахтер күніне арналған барлық салтанатты іс-шаралар тоқтатылады", делінген хабарламада.


17 тамызда  Қарағанды облысында "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-тың "Қазақстан" шахтасының конвейерлік лентасы өртенді. 222 кенші жер бетіне шығарылды. Бесеуі қаза тапты.

ТЖМ басшысы "Қазақстан" шахтасындағы өртті сөндіру неге ұзаққа созылғанын түсіндірді

ҚР ҚК-ның 277-бабы, 2-бөлігі ("Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Іс Қарағанды облысы прокуратурасының бақылауында.

Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Қазақстанда бала туғаны үшін қанша төленеді және оны қалай алуға болады