"Ел Президенті алдымызға төрт негізгі міндетті қойды. Егемен елдің іргетасын қалау, әлеуметтік бағдарламамен қоғам құру, нарықтық экономика қалыптастыру және қоғамдық ойды қайта құру, жаңғырту. Біз осы мүдде жолында жүйелі жұмыс істеп келеміз. Әлеуметтік бағдарламамен салынып жатқан бүгінгідей білім ошақтары келешекке салынып жатқан инвестиция деп қарауымыз керек. ХХІ ғасыр Қазақстанның алтын дәуірі десек, сол алтын уақыттың ұрпағы да сондай қасиетке ие болғаны жөн. Жаңа заманның талабына сай тұлғаны қалыптастыру үшін жас ұрпақтың толыққанды білім алуына жағдай жасау — біздің басты міндетіміз". Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев
Екі қабатты мектеп ғимараты 108 оқушыға арналған. Қазіргі күнде аталмыш білім ошағында 130-дан астам оқушы екі ауысымда білім алуда. Заман талабына сай жабдықталған жаңа мектепте 9 сынып кабинеті бар.
Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі
Бұрын ауылда тек бастауыш сынып мектебі болғандықтан, жоғарғы сынып оқушылары көрші ауылдарға қатынап оқыған. Енді балалары ауылдағы мектептен білім алатынына ата-аналар да қуанып жүр. Мектепте 29 педагог сабақ береді. Былтыр құрылысы басталған мектепті салып берген мердігер "Ка Строй LTD" ЖШС директоры Серік Кисембаев жылы лебізін арнап, оқушылар мен педагогтерге сәттілік тіледі.