Тимур Құлыбаев 1966 жылы 10 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген. Республикалық физика-математика мектебінің түлегі (1983 ж.). 1988 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін "Халық шаруашылығын жоспарлау" мамандығы бойынша бітірді. Біліктілігі – "Экономист".
Еңбек жолы:
1988-1990 жылдар аралығында – ҚазКСР Мемлекеттік жоспарлау Жоспарлау және нормативтер экономикалық ғылыми-зерттеу институтында (НИЭИ ПиН – ЖН ЭҒЗИ) қызмет атқарған.
1990 -1992 жж. – Қазақстанның мәдени, әлеуметтік және ғылыми-техникалық даму қоры ғылыми-консультациялық орталығының директоры.
1992-1995 жж. – "Алтын-Алма" концернінің басшысы.
1995-1997 жж. – Алматы сауда-қаржы банкі Кредит комитетінің мүшесі, байқау кеңесінің төрағасы.
1997 ж. – Қазақстан Республикасы Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитеттің Жобаларды бағалау және келіссөз жүргізу дирекциясының басшысы (төраға орынбасарының құқығында).
1997-1999 жж. – "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" ЖАҚ-тың экономика және финанс жөніндегі вице-президенті.
1999-2001 жж. – "ҚазТрансОйл" мұнай тасымалдау ұлттық компаниясы" ЖАҚ президенті.
2001-2002 жж. – "ҚазТрансОйл" және "ҚазТрансГаз" компанияларының базасында құрылған "Мұнай және газ тасымалы" ұлттық компаниясы" ЖАҚ бас директоры.
2002-2005 жж. – "Қазақойл" және "Мұнай және газ тасымалы" ұлттық компанияларын біріктіру жолымен құрылған "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ бірінші вице-президенті.
2005-2013 жж. – Қазақстан Республикасы Президентінің штаттан тыс кеңесшісі.
2006-2007 жж. – "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдинг" АҚ басқарма төрағасының орынбасары.
2008-2011 жж. – "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқарма төрағасының орынбасары.
2011 жылдың сәуір айынан бастап желтоқсан айына дейін – "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқарма төрағасы, Директорлар кеңесінің мүшесі.
2010-2014 жж. – "Атамекен" одағы" Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасының Төралқа төрағасы.
2005 жылдың қарашасынан бастап осы уақытта – "KAZENERGY" Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдары қауымдастығының төрағасы.