"Бәйтерек" холдингі "ИННОПРОМ. Қазақстан" көрмесіне қатысты

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Қазақстандағы ИННОПРОМ халықаралық көрмесіне қатысты. Іс-шара шеңберінде холдинг келушілердің назарын өз дамуының негізгі инновациялық жобалары мен стратегиялық бағыттарына аудара отырып, өз павильонын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.


Сурет: "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ

Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және өнеркәсіптік әлеуетін дамыту мақсатында холдинг өзінің еншілес ұйымдары: "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ, "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ, "Qazaqstan Investment Corporation" АҚ және "KazakhExport" экспорттық сақтандыру компаниясы" АҚ арқылы өңдеуші өнеркәсіп және инфрақұрылым саласында қолдау көрсетуде.

Сурет: "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ

Іс-шараға көлік, ауыл шаруашылығы, энергетикалық машина жасау, станок жасау, химия өнеркәсібі, металлургия және өнеркәсіптік IT сияқты әртүрлі салалардан 300-ден астам компания жиналды. Көрмеге Қазақстан Республикасының, Беларусь Республикасының, Армения Республикасының және Ресей Федерациясының ұлттық экспозициялары қойылды.


Сурет: "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ

Іс-шараға 20 елден келген делегациялар тәжірибе алмасу, өнеркәсіптік дамудың болашағын талқылау және халықаралық ынтымақтастықты нығайту платформасын ұсына отырып қатысты.

"Бәйтерек" холдингі кәсіпкерлікті қолдауға, агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға және халықты тұрғын үймен қамтамасыз етуге баса назар аудара отырып, ел экономикасының шикізаттық емес секторларын дамытуға тікелей үлес қосып жатыр.

 

 

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: