Қарағанда облысында ұшақ апаты кезінде қаза тапқандардың кімдер екені белгілі болды

Сурет: Азаматтық авиация комитеті
30 қыркүйекте Қарағанды облысында оқу-жаттығу кезінде екі орындық ұшақ апатқа ұшырады. Салдарынан ұшақ командирі мен әскери институттың курсанты қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Азаматтық авиация комитеті мәліметінше, әуе апатынан қаза тапқандар - 1097 сағат ұшу тәжірибесі бар ұшақ командирі (ұшқыш-нұсқаушы) мен Әуе қорғанысы күштері әскери институтының курсанты.

"Ұшқыш 28.11.2019 жылы берілген №000012 жарамды CPL (A) куәлігіне ие. Нұсқаушы ұшқыштың 01.07.2025 жылға дейін жарамды арнайы белгісі  "КАМА" ЗТБ-ға енгізілді", - деді Азаматтық авиация комитеті.

Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры Каталин Раду P2002-JF әуе ұшағының апатына байланысты операциялық орталықтың шұғыл кеңесін өткізді.

Операциялық орталық Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің апатты жоспарын іске қосты, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды және тергеу жүргізу үшін құжаттар дайындалды.

Азаматтық авиация комитеті мен Қазақстанның авиациялық әкімшілігі әуе апатынан қаза тапқан азаматтардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

2023 жылы 30 қыркүйекте оқу-жаттығу кезінде Қарағанды облысындағы Балапан алаңында P2002 типті Upla286 ұшағы сағат 07:46-да ұшып шыққаннан кейін байланысқа шықпаған. Іздеу барысында талқаны шыққан ұшақ пен екі адамның денесі табылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды