Қазіргі геосаяси жағдайда ашық және қолжетімді интернетке қосылу мәселесі аса маңызды. Онлайн кеңістікті реттеудің жаңа ережелері жасалып, нарыққа азаматтардың құқықтары мен бизнестің мүдделерін қандай да бір жолмен анықтайтын және түзететін жасанды интеллекттің (AI) және Big Data технологияларына негізделген жаңа өнімдер шығарылып жатыр. Барлығының мүдделерін еске-ретін интернетті теңгерімді басқару ғана цифрлық экономиканы, сондай-ақ инновацияларды дамыту үшін жағдай жасай алады, бұл ретте Қазақстандағы адамның цифрлық құқықтары шектелмейді, оларға кепілдік береді. Осы мәселелер Qazaqstan IGF 2023 форумының күн тәртібіне негіз болды.
2023 жылғы 10 қазан Алматы қаласы, Қазақстан - Бірінші Qazaqstan IGF 2023: 18 қазанда интернетті басқару жөніндегі ұлттық форум Алматы қаласының жетекші IT хабында, SmArtPoint-те өтеді. Бұл маңызды оқиға Қазақстанда ашық және қауіпсіз цифрлық кеңістіктің құрылуына ықпал етеді.
Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Бас хатшылығының қолдауымен өткізілетін интернетті басқару жөніндегі жаһандық форумның (The Internet Governance Forum, IGF) бөлігі саналатын IGF ұлттық бастамалары төрт құрлықтағы 85 елде және 17 аймақта ұсынылған. Ұлттық бастама көпжақты диа-лог құруды ынталандырады және БҰҰ-ның #9 "Өнеркәсіп, инновация және инфрақұрылым" және #17 "Тұрақты даму мүддесіндегі әріптестік" тұрақты даму мақсаттарына сәйкес келеді.
Qazaqstan IGF - мемлекеттік органдар, жеке сектор, азаматтық қоғам және академиялық ортаның 200-ден астам өкілінің интернет пен киберқауіпсіздікке қатысты көптеген мәселені талқылайтын жыл сайынғы бірегей ұлттық форумы.
Атап айтқанда, шарада мынадай тақырыптар қамтылады:
● Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) іске асыру тәсілі ретінде интернетті жан-жақты пайдалану;
● Алгоритмдер мен жасанды интеллект дәуіріндегі сөз бостандығы;
● Цифрлық заңнаманы кодификациялау;
● Сандық активтер және блокчейн;
● Телекоммуникация саласының цифрлық трансформациясы;
● Қазақстандағы деректер нарығын дамыту және реттеу;
● Онлайн платформаларды ұлттық реттеу;
және тағы басқалар.
Бұдан бөлек, форумда Digital Rights Center Qazaqstan (DRCQ) заң фирмасының сарапшылары құрастырған Қазақстанның онлайн платформаларының "Цифрлық құқықтарды сақтау рейтингісі 2023" нәтижелері көпшілік назарына ұсынылады. Шарада сондай-ақ Қазақстан Республикасы цифр-лық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі комитеті (ҚР ЦДИАӨМ АҚК) мен Қырғызстан және Румынияның дербес деректерді қорғау мәселелері жөніндегі ұлттық реттеушілер арасында көпжақты меморандум жасалады деген жоспар бар.
Qazaqstan IGF 2023 Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшылығының ресми қолдауымен Eurasian Digital Foundation, DRCQ, ҚР ЦДИАӨМ АҚК, Level 2, "Digital paradigm", Blockchain KZ, Maqsut Narikba-yev University бірлесіп өткізіледі.
Шара операторы Eurasian Digital Foundation адамның цифрлық құқықтарын қорғауға ұмтылады және Қазақстан мен Еуразиялық кеңістікте интернетті зерттеуге ықпал етеді. Қосымша ақпарат алу үшін Qazaqstan IGF Facebook парақшасын,Qazaqstan IGF Instagram, Qazaqstan IGF Telegram және Qazaqstan IGF веб-сайтына кіріңіз.