Қос өңірдің ТЖД басшылары жаңадан тағайындалды

Сурет: gov.kz
ҚР Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып азаматтық қорғау полковнигі Асқар Төлешев және Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып Нұрлан Бекбосынов тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Асқар Төлешев 1975 жылы Ақтөбе облысының Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Өзбекстан Республикасы Ташкент жоғары өрт-техникалық мектебін бітірген.

Жаңа бастықты ТЖД жеке құрамына Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі генерал-майор Бауыржан Сыздықов таныстырды.

Сурет: gov.kz

Еңбек жолын 1996 жылы Ақтөбе облысының Ішкі істер басқармасы жанындағы Мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасы өрт сөндіру басшысының көмекшісі болып бастады. Әр жылдары өрт сөндіру қызметінің кезекші өрт сөндіру қызметі өрт сөндіру басшысының аға көмекшісі, күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының бастығы, Ақтөбе қаласы өртке қарсы қызмет басқармасының бастығы, өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары, Ақтөбе облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы болып жұмыс істеді. Соңғы жылдары Қызылорда және Ақтөбе облыстарының Төтенше жағдайлар департаменттері бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.

Жетісу облысында жаңа бастықты Төтенше жағдайлар департаментінің ұжымына ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі, генерал-майор Ерлан Нұрпейісов таныстырды.

Сурет: gov.kz

Нұрлан Бекбосынов 1971 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Азаматтық қорғау органдарында 1993 жылдан бастап қызмет етеді.

Еңбек жолын Жезқазған облысы ІІБ әскерилендірілген өрт күзеті Саяқ кентінің жеке бекетінің бастығы қызметінен бастады. Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметінде әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 2010-2023 жылдары Қарағанды облысы ТЖ департаментінің бөлімшелерінде әртүрлі басшылық лауазымдарды атқарды. Бұған дейін Қарағанды облысы ТЖД бастығының орынбасары лауазымында қызмет атқарды.

Түркістан
Талдықорған

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Қазақстан мен БАӘ жүргізуші куәліктерін өзара тану жөнінде келісімге келді

Алматы метросында колледж студентінен үш оқ табылды

Мәжіліс депутаттары су басқан өңірлерге барып, көмек көрсетуде