Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінова маусымды қорытындылап, жобаның маңыздылығын ерекше атап өтті.
Сурет: Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
"Жасыл ел" - жалпықазақстандық қозғалысқа айналған ауқымды жобалардың бірі. Ол жастарды маусымдық жұмыспен қамтып қана қоймай, өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді оятуға баулиды. Біз жастардың бойында экомәдениетті қалыптастырып, саналы тұтынуды қолдайтын, сауатты ұрпақ тәрбиелеуіміз қажет. Қоршаған ортаны таза ұстау мәселесін басты назарға алғанда ғана адамзат, болашақ ұрпақтың дені сау болады, табиғатқа қамқорлық артады. "Жасыл ел" жобасы биыл облыс бойынша 2 мыңға жуық еңбекшіл жастың басын қосты. Жарты жылда сарбаздар көгалдандыру, аумақтарды, саябақтарды абаттандыру жұмыстарына, тақырыптық іс-шараларға белсене қатысып, экологиялық акциялар ұйымдастырып, құрылыс алаңдарында жұмыс істеді", - деді Бұлбұл Елеусінова.
Сурет: Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Салтанатты шарада жобаға атсалысқан 100 жауынгер облыс әкімі Асхат Шахаровтың атынан алғыс хаттармен марапатталып, Астана қаласына үшкүндік саяхат жолдамасын иеленді.
Сурет: Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Сонымен қатар, "Үздік" деп танылған аудандар, оқу орындары мен жұмыс беруші, командир мен сарбаздар номинациялармен марапатталып, сертификаттар табысталды.
Сурет: Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі