Шайх-Хасан Жазықбаев ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары болып тағайындалды

Сурет: gov.kz
ҚР Қорғаныс министрінің бұйрығымен генерал-майор Жазықбаев Шайх-Хасан Сатарқұлұлы ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Қазақстан армиясында генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев әскери училище курсантынан бастап "Астана" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысына дейінгі лауазымдық жолдан өтті. Әр жылдары ол жауынгерлік және бітімгерлік дайындық бойынша жауапты қызметтер атқарды. Ол бірнеше әскери бөлімдердің командирі, штаб бастығы – "Батыс" ӨңҚ әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары болды.

1999 жылы Пенза жоғары артиллериялық инженерлік училищесін үздік бітірді, 2013 жылы Ұлттық қорғаныс университетін, 2019 жылы Ресей Федерациясы ҚК Бас штабының Әскери академиясын бітірді.

Ирак Республикасындағы инженерлік-саперлік жасақ құрамында бітімгерлік операцияға қатысты.

II дәрежелі "Айбын" орденімен, ведомстволық наградалармен және мерейтойлық медальдармен марапатталған.

Отбасылы, 3 бала тәрбиелеп өсіріп отыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды