Қызылорда облысында "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында 21 мектеп салынады

Сурет: Қызылода қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Мемлекет басшысының бастамасымен 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте білім алуына жағдай жасау мақсатында "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы қолға алынды. Қызылорда облысында ұлттық жоба аясында 12 300 орындық 21 мектеп салынады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңір әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Арал ауданында - 4, Қазалы, Қармақшы және Жаңақорған аудандарында – 2 жайлы мектептен, Жалағаш, Сырдария, Шиелі аудандарында 1 мектептен, Қызылорда қаласында – 8 заманауи мектеп бой көтереді.

Сурет: Қызылода қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Биыл жоспарланған 10 мектептің тоғызының құрылысы басталды, оның бесеуі облыс орталығында орналасқан. Облыстағы алты апатты мектептің төртеуінің мәселесі осы "Жайлы мектеп" жобасы аясында шешімін табады.

Сурет: Қызылода қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сондай-­ақ, екі мектеп "Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры" және жеке инвестор есебінен жүргізіледі. Қалған 11 мектеп 2024 жылы салынатын болады.


Сурет: Қызылода қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі


Қызылорда

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасының алтын медаль саны 32-ге жетті

Елена Рыбакина US Open турнирінің жартылай финалына шығып, әлемнің бірінші ракеткасы атанатын болды