Мемлекеттік резервтен арнайы техника мен басқа да гуманитарлық заттар алынды

Сурет: ҚР ТЖМ
7 сәуірде ҚР ТЖМ табиғи сипаттағы апатты жою жөнінде шаралар қабылдау үшін мемлекеттік материалдық резервтен арнайы техника мен басқа да қажетті заттар алынғанын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құзырлы ведомство мәліметінше, табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың салдарын жою жөнінде шаралар қабылдау үшін мемлекеттік материалдық резервтен 51 бірлік арнайы және автомобиль техникасы, тіршілікті қамтамасыз ету құралдары, 15 400 адамға арналған төсек-орын жабдықтары, 4 000 адамға арналған шатырлар броньнан шығарылды


"Материалдық құндылықтар Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің "Резерв" РМК филиалдарынан шығарылды және Ақмола, Қостанай, БҚО және СҚО әкімдіктері мен ТЖД-ға берілді", делінген хабарламада.

Айта кетсек, 6 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жасаған үндеуінде табиғи апаттан зардап шеккендерге көмектесу үшін Үкіметке мемлекеттік резервті пайдалануды тапсырғанын айтты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды

"Тұман, үсік, көктайғақ". Сейсенбіде еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды