БҚО келе жатқан үлкен суға қарсы тұрудың дайындығы үстінде

Сурет: primeminister.kz
Үкіметтің тапсырмасы бойынша елдімекендерден үлкен суды бұрып әкету және су тасқынынан болатын залалды азайту үшін Батыс Қазақстан облысына барлық күштер мен құралдар жұмылдырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Батыс Қазақстан облысында ауқымды су тасқынының алдын алу шаралары қабылдануда. Су тасқынына қарсы жұмыстарды жүргізу үшін өңірде шоғырланған күштер тобы 6,3 мың адамнан асты. 

"Облыста ТЖМ-ның 1 мыңнан астам қызметкері, Ұлттық ұланның 700-ден астам, Қорғаныс министрлігінің 600 әскери қызметшісі жұмылдырылды. Жұмысқа волонтерлік ұйымдардың қатысушылары тартылды. 1,5 мың арнайы техника жұмылдырылды, оның 790-ы БҚО-ға еліміздің басқа өңірлерінен келген", делінген хабарламада. 

Негізгі міндет – елді мекендердің тұрғындары мен олардың үйлерін су тасқынынан қорғау. Жайық, Шаған, Деркөл өзендерінің бойындағы жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, 700 мың құм толтырылған қапшық және 3 710 мың тонна инертті материал төселді. Қорғаныс үйінділері 4-5 метр биіктікке дейін көтерілді.

Қазіргі уақытта Оралда жедел-эвакуациялау пункттері ашылды, өңірде "жедел желі" жұмыс істейді – оған 512 қоңырау келіп түсті.

Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды