Маңғыстау облысының прокуроры жаңадан тағайындалды

Сурет: Telegram/GenPr
ҚР Бас прокуратурасы бүгін, 2024 жылы 17 мамырда Маңғыстау облысының прокуроры тағайындалғанын хабарлады. Аталған өңірдің прокуроры Айдос Майлыбаев болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасы Президентінің келісімі негізінде Бас Прокурордың 2024 жылғы 17 мамырдағы бұйрығымен 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Айдос Серікханұлы Майлыбаев Маңғыстау облысының прокуроры лауазымына тағайындалды.

Айдос Майлыбаев еңбек жолын 2001жылы Жамбыл облысы Тараз қаласы прокурорының көмекшісі лауазымынан бастаған.

Әр жылдары Алматы облысы Жамбыл және Панфилов аудандарының прокуроры, Жамбыл облысы прокурорының орынбасары, Ақтөбе облысы прокурорының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.

Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін 4 жылдан астам Ақмола облысының прокуроры болды.

Майлыбаев заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін "Жауынгерлік ерлігі үшін" медалімен және 2-дәрежелі "Айбын" орденімен наградталған.

Прокуратураның құрметті қызметкері.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Қазақстанда Құрылтай сайлауындағы дауыс беру аяқталды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Тоқаев Үкіметке жаңа міндет жүктеді