Иманғали Тасмағамбетов Алматыда ҰҚШҰ-ның көшпелі кеңесін өткізді

Сурет: Telegram/ОДКБ
Алматыда ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов пен ұйымның тұрақты кеңесінің мүшелерінің көшпелі кеңесі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

22 маусымда Алматыда ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов аталған ұйымның тұрақты кеңесінің мүшелерімен өткен кеңесте Қорғаныс министрлері кеңесінің, Парламенттік Ассамблея кеңесінің, Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің және ҰҚШҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің өткен отырыстарын қорытындылады.

"Отырыс барысында қабылданған құжаттардың, оның ішінде ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің "Тәжік-ауған шекарасын нығайту жөніндегі Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартын ұйымдастырудың нысаналы мемлекетаралық бағдарламасы жайындағы" шешімі жобасының және ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұрғысынан Парламент өкілдері мен сыртқы істер министрлері мәлімдемелерінің маңыздылығы атап өтілді", делінген ұйымның 2024 жылғы 23 маусымда таратқан хабарламасында.

Кеңеске қатысушы елдер іс-шараларды ұйымдастырудағы жоғары деңгей үшін қазақстандық тарапқа алғыстарын білдірді.

Айта кетсек, 10 маусымда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ-ның Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовты қабылдап, Қазақстанның төрағалығы кезеңіндегі ұйымның негізгі міндеттерін іске асыру мәселесін талқылаған болатын. 

Алматы
ҰҚСК

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты