Маңғыстау облысында "Бірлестік-2024" халықаралық әскери оқу-жаттығуының негізгі кезеңдері басталды

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақстанда "Бірлестік-2024" халықаралық жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуының негізгі кезеңдері басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Оймаш" полигонының тактикалық алаңында бес мемлекеттің әскери контингенті алдын ала белгіленген бағыттарда шартты қарсыластың көзін жою операциясын жүргізді. Оқу-жаттығу барысында СУ-30, СУ-27 сынды көпмақсатты ұшақтар, Ми-35М, Ми-171, Ми-8 әмбебап көліктік-жауынгерлік тікұшақтары шартты қарсыластың орналасқан жеріне әуе шабуылын жасады. Арнайы мақсаттағы барлау ротасы, танк батальоны, зениттік және артиллериялық дивизиондар жердегі іс-қимылдарды жүргізді". ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Айта кетсек, Маңғыстау облысында 8-17 шілде аралығында әскери контингенттер қарулы қақтығысты оқшаулау бойынша бірлескен операция дайындап, жүргізетіні хабарланған. Оқу-жауынгерлік міндеттерді пысықтауға Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанның әскери контингенттері қатысады. Әскери маневрлер "Оймаша" полигонында, сондай-ақ Тоқмақ мүйісінен екі шақырым жердегі теңіз учаскесінде өтеді.

Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті