Бұл туралы Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің 2024 жылы 22 шілдеде таратқан ақпаратында айтылады.
"Осыған байланысты Қазақстанның авиациялық әкімшілігі ҚР Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің тапсырмасы бойынша авиациялық оқиғалардың қайталануының алдын алуға, оның ішінде компаниялардың қызметін тоқтата тұру, әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығы сертификаттарының қолданылуын тоқтата тұру, заңнама талаптарын бұзған тұлғаларды әкімшілік жауаптылыққа тарту жолымен бағытталған шараларды күшейтеді".Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің баспасөз қызметі
Сондай-ақ, пайдаланушыларға ұшуға жарамдылығын бағалау бағдарламасы бойынша Ан-2 үлгісіндегі барлық әуе кемелеріне қосымша бағалау жүргізу, авиациялық қызметкерлердің ұшуды орындауға дайындығын бақылауды күшейту және басқа да алдын алу шаралары мәселелері бойынша нұсқаулар берілді.
"Оқиғалардың себептерін тергеуді Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің авиациялық оқиғаларды тергеу жөніндегі комиссиялары жүзеге асырады", делінген хабарламада.
2024 жылдың 21 шілдесінде Державинскіден 10 шақырым қашықтықта Ан-2 ұшағы апатқа ұшырады. Ақмола облысы ТЖД мәліметтері бойынша, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, ұшқыш жанып жатқан техникадан өз бетінше эвакуацияланды. Кейін ҚР Көлік министрлігі әуе кемесі "Бүркіт-Авиа" ЖШС-ға тиесілі екенін нақтылады.