ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, министр Бөрлі ауданындағы Кеңтүбек, Ақсу, Пугачево және Аралтал ауылдарында салынып жатқан нысандарды аралады. Ахуалдық орталығының мәліметінше, техникалық зерттеу қорытындысы бойынша 127 үй жарамсыз деп танылған.
Бүгінгі таңда су тасқынынан зардап шеккендерге ауданда 60, Кеңтүбек ауылында – 11, Ақсуда – 23, Пугачевода – 12, Аралталда – 14 үй салынуда.
"Ағымдағы мәліметтер бойынша жұмыс 85-90 %-ға орындалды, жоспарлы аяқтау мерзімі – ағымдағы жылдың 1 тамызы. Сондай-ақ су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға Бөрлі ауданында 66 үй сатып алу жоспарлануда", делінген хабарламада.
Сурет: ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
Бұған дейін Шарлапаев Ақмола облысында болып, су тасқынынан зардап шеккендерге арналған баспана құрылысының қарқынын тексергенін хабарланған.