Өнім ШЖҚ жанындағы Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқару Медициналық орталығының "Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы" РМК аккредиттелген зертханасына кешенді зерттеуге жіберілді. Тексеру "Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" және "Тағам өнімдерінің таңбаламасына қатысты" техникалық регламенттеріне сәйкестігіне тексерілді.
Зерттеу көрсеткендей, таңбалама кезінде техникалық регламенттердің талаптарына айтарлықтай сәйкессіздіктер анықталды: қаптамада салмағы туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік тілде ешқандай ақпарат көретілмеген.
Қаптамадағы салмағына қатысты ақпараттың болмауы тұтынушы үшін бірқатар қолайсыздықтар мен тіпті, қауіптерге соқтыруы мүмкін: салмағын көрсетілмегендіктен, сатып алушы өнімнің салмағын бірлігі үшін нақты бағалай алмайды. Бұл артық төлеу немесе күтілгеннен аз өнімді алу қаупін тудырады, бұл әсіресе, тұтынушылар өз бюджетін тиімді пайдалануға тырысқанда маңызды.
Сонымен қатар, "ҚазақстанРеспубликасындағы Тіл туралы" заңы шетелдік өнімді импорттаушыларды өз қаражаты есебінен тауар таңбаламасын қазақ және орыс тілдеріне аударуды міндеттейді. Бұл ретте импорттаушы тарапынан құқықбұзушылық қазақстандық тұтынушыларға кедергілер туғызып, олардың мемлекеттік тілде ақпарат алу құқығын шектейді.
"Салмағы сияқты негізгі ақпараттың жоқтығы жаңылыстыру болып табылады және сатып алушының әділ және ашық шарттарға құқығын шектейді. Сонымен қатар, мемлекеттік тілдегі таңбалама тек заң талабы ғана емес, сонымен қатар қазақстандық тұтынушыларды құрметтеу мәселесі де болып табылады".Әлия Әлібекова, адам құқықтары жөніндегі сарапшы
Сурет: Жанна Биятан
Әлия Әлібекова өз мүдделерін қорғау үшін тұтынушыларға мыналарды ұсынады:
- Жапсырмаларды мұқият тексеріңіз. Қаптамада салмағы, құрамы, шығарылған күні, жарамдылық мерзімі және басқа да маңызды ақпарат көрсетілуі керек.
- Түбіртектерді сақтау және сәйкессіздіктерді жазып алу. Егер сіз қандай да бір бұзушылықтарды тапсаңыз, қаптаманы суретке түсіріп, сатып алу құжаттарын сақтаңыз – олар шағым беру кезінде көмектеседі.
- Бұзушылықтар туралы хабарлау. Таңбаламадан сәйкессіздікті байқасаңыз, бақылаушы органдарға немесе тұтынушылардың құқықтарын қорғау ұйымдарына хабарласыңыз. Сіздің әрекеттеріңіз нарықтағы жағдайды жақсартуға көмектеседі.
"Таңбаламаға жауапкершілікпен қарау тұтынушылардың сенімін нығайтады және компанияның беделін арттырады. Қаптамада барлық қажетті ақпаратты көрсету түсініспеушіліктерді болдырмауға және адал аудиторияны тартуға көмектеседі", - дейді Әлия Әлібекова.
Өнімнің сапасы мен қауіпсіздігі мәселесі әрбір қазақстандық үшін өзекті болып қала береді. Қазіргі заманғы нарық тұтынушылар өздерін қорғалған сезінуі үшін барлық нормалар мен стандарттарды сақтауды талап етеді. Таңбалама сияқты егжей-тегжейлерге назар аудару тек тұтынушыларға қамқорлық көрсету ғана емес, сонымен қатар бизнес пен қоғам арасындағы ашық және жауапты қарым-қатынасқа қадам жасау болып табылады.
Мемлекеттік органдар мен қоғам белсенділерінің бірлескен жұмысы нарықты ашық әрі қауіпсіз етуде. Мемлекеттік деңгейде қолдау көрсетілетін тәуелсіз сараптамалар стандарттарға сәйкес келмейтін тауарларды айналымнан шығаруға көмектеседі. Ауқымды жобаларды жүзеге асыру әрбір қазақстандық сапалы және қауіпсіз өнімді саналы түрде таңдай алуы үшін тексерулердің көбірек санын қамтуға және олардың нәтижелерімен бөлісуге мүмкіндік береді.
Сапаны бақылау бүгінде ұлт денсаулығына қамқорлық және жоғары талапқа ұмтылған кәсіпкерлерді қолдау болып табылады. Біз дәлелденген өнімдердің пайдасына жасайтын әрбір таңдау – өз денсаулығымызға және басқалардың қауіпсіздігіне салынған инвестиция.
Бұл материалды дайындаған "МОТҚҚҚ" ҚБ тұтынушылар жоғары сапалы және дұрыс таңбаланған өнімдерді таңдау арқылы жоғары стандарттарды өз бетінше сақтай алатынын еске салады.
Тұтынушы құқығының бұзылуына тап болсаңыз, тұрғылықты жеріңіз бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне хабарласуға болады, байланыс нөмірлері ҚР МСИ сайтында (Ақтөбе облысының сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті) орналасқан. Сенім телефоны: 8 (7132) 548 126).
Осыған ұқсас сұрақтар туындаған жағдайда Instagram-дағы OZPP.KZ парақшасына немесе 87054222739 телефоны арқылы хабарласуға болады.