Мақсат Балабеков жаңа лауазымға ие болды

Сурет: primeminister.kz
ҚР Әділет министрінің бұйрығымен Мақсат Балабеков ведомствоның Мәжбүрлеп орындату комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2025 жылы 13 наурызда Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Мақсат Балабеков 1982 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, М.С. Нәрікбаев атындағы  Қазақ гуманитарлық-заң университетін,  Ноттингем университетін (Ұлыбритания) бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы қаржы ұйымында жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсету жөніндегі маман болып бастаған. 2005–2012 жылдары жеке қаржы ұйымдарында жұмыс істеді.

2012–2018 жылдары — сарапшы, ҚР Әділет министрлігі Халықаралық шарттарды сараптау департаментінде сарапшы, басқарма басшысы.

2018–2019 жылдары — ҚР әділет министрінің кеңесшісі.

2019–2023 жылдары — ҚР Әділет министрлігі Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаменті директорының орынбасары, директоры.

2023 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Әділет министрлігі Заңға тәуелді актілер департаментінің директоры болған.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі аппаратының басшысы жаңадан тағайындалғанын жазғанбыз

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев