Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Берік Асылов Макаоға жұмыс сапарымен барды

Сурет: gov.kz
ҚР Бас прокуроры Берік Асылов мен Макаоның Әкімшілік және әділет істері жөніндегі хатшысы Вонг Сио Чак үш мемлекетаралық келісімге қол қойды.

Атап айтқанда, қылмыскерлерді ұстап беру, қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету және сотталған адамдарды беру туралы келісімдер жасалды.

Жасырынып жүрген қылмыскерлерді ұстап беру туралы келісім бір юрисдикция аумағында қылмыс жасап, екінші тарап аумағында жасырынып жүрген адамдарды экстрадициялаудың құқықтық тетігін орнатады.

Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шарт Қазақстан мен Макаоның құқық қорғау органдарының қылмыс жасағаны үшін күдіктілер мен айыпталушылардың кінәсін дәлелдеуге бағытталған процестік әрекеттерді жүзеге асыру, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған мүлікке тыйым салу және оны тәркілеу шараларын қабылдау кезіндегі өзара іс-қимылының халықаралық-құқықтық негізін қалыптастырады.

Сотталған адамдарды беру туралы келісім шетелде қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыру жазасына сотталған тараптар азаматтарына шетел соттары тағайындаған жазаны өз азаматтығы тиесілі аумағында өтеуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар Б.Асылов Макаоның Бас прокуроры Тонг Хио Фонгпен кездесіп, халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, трансұлттық қылмыс түрлеріне қарсы бірлескен іс-қимыл, инвестицияларды қорғау және тарту, қылмыстық жолмен алынған активтерді іздестіру және қайтару мәселелерін талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты тереңдету, жедел ақпарат алмасу бойынша алдағы қадамдарды айқындап, өзара қызығушылық тудыратын өзге де құқықтық мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасауға уағдаласты.

Айта кету қажет, Азиядағы негізгі қаржы орталықтарының бірі болып табылатын Макаомен халықаралық ынтымақтастықты орнату Қазақстан Бас прокуратурасы мен Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінің бірлескен жұмысының нәтижесінде мүмкін болды.

Қазақстан
Астана
Асылов Берік

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін