"Сапарбаев тұлғасы" – елге қызмет етудің өнегелі жолы

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Бүгін Қызылордада "Достық үйінде" көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Машбекұлы Сапарбаевтың өмірі мен еңбек жолына арналған "Сапарбаев тұлғасы" кітабының таныстырылымы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері, жас мемлекеттік қызметшілер, азаматтық қоғам және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, кітаптың құрастырушысы Абай Сейфуллаұлы, ағайын-туыс қатысты.

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың ел дамуына сіңірген еңбегіне тоқталып, оның мемлекеттік қызметтегі өнегелі жолы жас ұрпаққа үлгі екенін атап өтті.

"Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асып жатқан "Әкімдер мектебі" жобасы аясында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ұйымдастыруымен Астана қаласында "Сапарбаев тұлғасы" атты кітаптың тұсаукесері өткен болатын. Бұл – елге қызмет етуді өмірлік мұратына айналдырған ардақты азаматтың өнегелі жолын бейнелейтін тағылымды туынды. Қарапайымдылық пен адамгершілікті, кісілік пен кішілікті, талапшылдық пен әділдікті бір бойына сыйдырған ардақты азаматтың есімі Тәуелсіз Қазақстанның тарихына алтын әріппен жазылды. Уақыт оны арамыздан алыстатқанымен, рухани мұрасы ешқашан жоғалмайды", – деді Мұрат Нәлқожаұлы.

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Басқосуда кітаптың құрастырушысы Абай Сейфуллаұлы, ел ағалары Самұрат Имандосов, Бекмырза Еламанов, Мұрат Бақтиярұлы, облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Руслан Каюпов сөз сөйледі.

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бердібек Машбекұлы мемлекеттік қызметтің түрлі сатыларында абыройлы еңбек етіп, сындарлы кезеңде халық пен билік арасындағы өзара түсіністік пен сенімді нығайтты. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, Премьер-министрдің орынбасары, Қызылорда, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Жамбыл облыстарының әкімі ретінде ел дамуына зор үлес қосты.

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі


Қызылорда

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды